+ 7 (777) 777 8989
Служба поддержки
wall

Қуандық Рахым

Almaty

About the event

Мен Қуандық Рахым тыңдармандарыма “МузАрт лайв” жобасы арқылы танылған әншімін. Қарағандыдағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімін бітіріп, дәстүрлі әнші болғанымен, эстрадалық бағыттағы әндерді орындап, халыққа кеңінен танылдым. Домбырадан бөлек, күйсандық пен қылқобызда ойнаймын. Өзімді сазгермін деп есептемесе де, ара-тұра ән жазатыным бар. Авторлық әндерімнің ішінен іріктеп, “Уайымдама”, “Кейіпкерімсің” мен “Мақта қызды” өз репертуарына қостым. Ал, жалпы мені фаворит етті деп “Сенің күлкіңнен аумайды”, “Болайық бірге” әндерін айтуға болатын шығар. Бұдан бөлек, қазірге дейін репертуарымда “Астаналық қыз”, “Лаула”, “Мен сені жақсы көрдім, білесің бе?”, “Сегізінші кереметім”, “Айт”, “Сүйіп өтемін”, “Ауа райымсың” және тағы басқа әндер қосылып үлгерді. Осы әндерді тыңдап, керемет кештің куәгері болуға шақырамыз. 21-ші наурыз сағат 19.00-де Республика сарайында “Болайық бірге” атты ән кешінде күтеміз.

Duration
120 мин
Просмотров события: 561
Нет доступных сеансов