Байланыс телефоны
wall

Stars on ice

Алматы

О событии

SOI ' 24-бұл КИМЭП университетінің студенттері ұйымдастыратын таңғажайып мұз көрсетілімі. Бұл іс шараға Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары - KIMEP, Narxoz, AlmaU, KBTU, SDU, KazNU студенттері қатысады.

 

Соңғы екі жылда бұл жоба әлеуметтік мақсатта өткізіліп жатыр. Биылғы жобаның мақсаты Қазақстан өңірлеріңдегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға мейірімділік көрсетуге арналған.

 

100-ден астам волонтерлар жарысты ұйымдастыруда үлестерін қосып, 8 жұп студент мұз алаңында өз өнерін көрсету үшін 5 ай бойы мәнерлеп сырғанауды үйренді.

 

Мұз айдынындағы әрбір әрекет болашақты дамытуды бір қадам алға итермелейді. Билеттерден жиналған барлық қаражат су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмек ретінде жұмсалады.

 

Сіздің қолдауыңыз мыңдаған адамдардың өмірін өзгертіп, ғажайыптар жасай алады!

 

Арнайы шақырылған қонақтар: Диас Жиренбаев пен София Фарафонова.

Просмотров события: 155
Нет доступных сеансов