Іле Алатаудың таулы шатқалдары арқылы бірегей автобус-кабриолетпен бір күндік саяхат. Саяхат кезінде сіздер айнала қоршаған тау пейзажының панорамалық көрінісін тамашалай аласыздар. Қызықты әңгімелер және гидпен бірге өткізген жағымды уақыт сіздерге жақсы көңіл-күй сыйлайды.
Тоқтайтын орындар:
- Есік қаласындағы мұражай қорығы және сақ қорғандары;
- Іле -Алатау ұлттық саябағындағы Киелі бұлағы;
- Түрген шатқалындағы Аю сарқырамасы;
- Альпілік Есік көлі.
Бағдарлама:
- 07:30 – 08:00 - жиналу және кету
- 08:00 – 09:30 - мұражай-қорыққа саяхат
- 09:30 – 10:30 - мұражай-қорықтағы экскурсия
- 10:30 -11:00 – Киелі Бұлақта саяхат
- 11:00 – 11:15 – Киелі бұлақтағы жасару поцедурасы
- 11:15 – 11:30 - Аю сарқырамасына көтерілу
- 11:30 - 13:30 - Аю сарқырама бойында қыдырыстау және бос уақыт
- 13:30 - 14:30 - Есік көліне саяхат
- 14:30 - 16:30 – Көл жағалауында қыдырыстау және бос уақыт
- 16:30 - 18:30 - Алматы қаласына қайту
Назар аударыңыздар:
- Ұзақ сапарға /2-сағаттан астам/ және сүрлеу жолда жаяу жүруге жарамайтындарға саяхат ұсынылмайды
- 2 -жасқа дейінгі немесе салмағы 12 кг. балаларға меншікті автокресло немесе тасымалдау қажет. /Балаларды қолда немесе тізеде ұстап отыруға тыйым салынады/.
- Ересек адамның сүйемелдеуінсіз келген кәмелетке толмаған балаларға рұқсат жоқ. / Қажет болса жасы құжат бойынша тексеріледі/
- Мас күйіндегі және жөнсіз мінез-құлықтағы адамдар кіргізілмейді және төленген билет қайтарылмайды.
Бағаға кіреді:
- Автобус -кабриолетпен саяхат;
- Саяхат уақытындағы гид қызметі;
- Мұражай -қорығына кіру билеті;
- Мұражай-қорығындағы экскурсовод қызметтері;
- Іле-Алатау ұлттық саябағына арналған экологиялық төлем;
- Түскі ас (ыстық палау).
Өзімен бірге алу керек:
- Жеңіл тамақ және сусын;
- Бас киім және күннен қорғану көзілдірігі;
- Жеңіл сыртқы киім және жәйлі аяқкиім;
- Ұсақ шығындарға қолма қол ақша;
- Жеке күәлік;
- Жеке дәріхана;