wall

Өнер Қырандары Ақтау қаласында

08.05.2026, 21:00
Актау
Театр им. Жантурина
от 7 000
Осталось мест: 443
Театр им. Жантурина
Осталось мест: 443

Расписание

О событии

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1. Жеті жасқа дейінгі балалар концертке жіберілмейді. 

2. Жеті жастан үлкен балаларға толық билет құны бекітіледі.

3. Жеке азаматтардың ішетін сусындарымен концертке кіруіне рұқсат етілмейді.

4. Көрерменнің ғимараттың мүлкіне келтірген зиянын көрермен өтейді.

5. Көрермен ғимараттың қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

6. Көрерменге кез келген тақырыпта саяси және діни сипаттағы митингілер, ұрандар, науқандар өткізуге тыйым салынады. Зорлық-зомбылық пен ұлтшылдыққа шақыруға да тыйым салынады.

7. Концерт ұйымдастырушыға және «Өнер Қырандары» театрына байланысты емес еңсерілмейтін күш жағдайларына (форс-мажор) байланысты (оның ішінде табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, мемлекеттік органдардың шектеулері, техникалық апаттар және тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де жағдайлар) концерт тоқтатылған немесе күні өзгертілген жағдайда, билет сатып алған көрерменге өз таңдауы бойынша төмендегі нұсқалар ұсынылады:

1. концертке жаңадан белгіленген күні келуге мүмкіндік беріледі;  

2. Ақшалай қаражат билет құнының 10%-ы шегеріліп қайтарылады. Бұл сома билетті рәсімдеуге байланысты нақты жұмсалған шығындарды, оның ішінде билет операторы Topbilet.kz сервистік комиссиясын және банктік транзакциялық алымдарды қамтиды.

8. Көрерменге адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттармен ғимаратқа кіруге тыйым салынады.

9. Ережелерді сақтамағаны және бұзғаны үшін көрермендер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

10. Билет алғаннан кейін, көрермен, ондағы көрсетілген ережесімен толық келіседі.

Адрес

Театр
Театр им. Жантурина
г. Актау, 8-й микрорайон, 28/2.
Просмотров события: 9120
Просмотров события: 9120