+7 775 336 9484
Служба поддержки
wall

Өнер Қырандары Түркістан қаласында

19.11.2026, 20:00
Туркестан
Конгресс-холл Туркестан
от 2 500
Осталось мест: 954
Конгресс-холл Туркестан
Осталось мест: 954

Расписание

О событии

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР:

1. Жеті жасқа дейінгі балалар концертке жіберілмейді.

2. Жеті жастан үлкен балаларға толық билет құны бекітіледі.

3. Жеке азаматтардың ішетін сусындарымен концертке кіруіне рұқсат етілмейді.

4. Көрерменнің ғимараттың мүлкіне келтірген зиянын көрермен өтейді.

5. Көрермен ғимараттың қауіпсіздік ережелерін сақтауға міндетті.

6. Көрерменге кез келген тақырыпта саяси және діни сипаттағы митингілер, ұрандар, науқандар өткізуге тыйым салынады. Зорлық-зомбылық пен ұлтшылдыққа шақыруға да тыйым салынады.

7. Концерт ұйымдастырушыға және «Өнер Қырандары» театрына байланысты емес еңсерілмейтін күш жағдайларына (форс-мажор) байланысты (оның ішінде табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, мемлекеттік органдардың шектеулері, техникалық апаттар және тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс өзге де жағдайлар) концерт тоқтатылған немесе күні өзгертілген жағдайда, билет сатып алған көрерменге өз таңдауы бойынша төмендегі нұсқалар ұсынылады:

7.1. Концертке жаңадан белгіленген күні келуге мүмкіндік беріледі; 

7.2. Ақшалай қаражат билет құнының 10%-ы шегеріліп қайтарылады. Бұл сома билетті рәсімдеуге байланысты нақты жұмсалған шығындарды, оның ішінде билет операторы Topbilet.kz сервистік комиссиясын және банктік транзакциялық алымдарды қамтиды.

8. Көрерменге адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін заттармен ғимаратқа кіруге тыйым салынады.

9. Ережелерді сақтамағаны және бұзғаны үшін көрермендер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

10. Билет алғаннан кейін, көрермен, ондағы көрсетілген ережесімен толық келіседі.

11. ФОТО ЖӘНЕ БЕЙНЕТҮСІРІЛІМГЕ КЕЛІСІМ

Билетті сатып алу, оны үшінші тұлғадан алу, іс-шараға кіру кезінде билетті ұсыну және іс-шараға қатысу арқылы келуші іс-шараға қатысу талаптарымен танысқанын растайды және ұйымдастырушының өзінің қатысуымен фото және бейнетүсірілім жүргізуіне келісім береді.

Тиісті билет бойынша іс-шараға нақты кіру және іс-шара аумағында болу осы талаптарды қабылдаудың қосымша растауы болып табылады.

Келуші өзінің бейнесі қамтылған фото және бейнематериалдарды ұйымдастырушының әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда, сондай-ақ ақпараттық және жарнамалық материалдарда қосымша келісімсіз және қандай да бір сыйақы төлемей пайдалануына, жариялауына, қайта жаңғыртуына және таратуына келісім береді.

Билет үшінші тұлғаға берілген жағдайда, билетті сатып алған тұлға оны беруге дейін үшінші тұлғаны осы талаптармен таныстыруға міндетті. Осы талаптарды үшінші тұлғаға тиісінше жеткізуге байланысты жауапкершілікті билетті сатып алып, оны үшінші тұлғаға берген тұлға көтереді.

Адрес

Концертный зал
Конгресс-холл Туркестан
​160-й квартал, 388 160 квартал, Туркестан, Туркестан городская администрация
Просмотров события: 2
Просмотров события: 2